Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы, индексі ОЛХИООПТ-1
Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Басқарманың орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларын дайындауға және іске асыруға қатысады. Орман шаруашылығы мекемелерінің орманды қалпына келтіру, орман қорғау жұмыстары көлемінің орындалуын, орман өртінің алдын алу, орманды өрттен қорғауды, заңсыз кесуден және өзге де бұзушылықтардан, орман ауруы және зиянкестерден қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қоры объектілерінің тізбесін және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекітуге әзірлейді. Орманды орналастыру, мемлекеттік орман қоры есебі, мемлекеттік орман мониторингін, орман кадастрын жүргізудің материалдарын дайындайды. Орман ресурстарын қорғау, өсімін молайту, тиімді пайдалану және көбейту жөнінде жұмыстарын қадағалауды қамтамасыз етеді. Жануарлар дүниесін, аңшылық ресурстарын қорғау, сақтау, өсімін молайту, пайдалану және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру жұмыстарын қадағалауды қамтамасыз етеді. Орман және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орман өсiру, орман ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды қарастыратын басқарманың жоспарын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және өздерiнiң функционалдық қарамағындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi. Мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді және оларды орындауды iске асырады. Орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады. Орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешiм жобасын әзірлейді. Уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарамағындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар дайындайды. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны (өсіп тұрған сүрек үшін ставкаларды қоспағанда) және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының жобаларын әзірлеу үшін құжаттарды дайындайды. Уәкiлеттi органның және облыстың жергілікті өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру бойынша тендерлер өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Орман ресурстарын сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орман пайдаланушыларға құрылыс объектiлерiн салуға учаскелер беру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Уәкілетті орган айқындаған тәртіппен басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыруды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлерді дамыту, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзеді. Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастырады және оларға мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi. Жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердiң жобасын дайындайды. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтуге материалдар дайындайды. Өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша жоспарларын бекітуге әзiрлейдi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады. Уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және паспорттарды уәкiлеттi органға тiркеуге (қайта тіркеуге) бередi. Жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерiнің жобасын бекітуге әзірлейді. Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату және олардың аумақтарын азайту бойынша материалдарды дайындайды. Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар бекiтiп беру мен аңшылық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер жобасын дайындайды. Жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптарда олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу бойынша материалдарды дайындайды. Аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 30.05.2023
- Аппарат акима Западно-Казахстанской области, Нурсултан Назарбаева 179
-
8-711-2-24-12-10