Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімінің басшысы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
380392
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Тарих
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Дінтану
- Шығыстану
- Теология
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Исламтану
Қосымша талаптар
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Облыста саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайға әсер ететін өзге де процестерді мониторингілеу, бағалау және болжамдау. Жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның салдарын азайту және (немесе) жою саласындағы өзара іс-қимылдарын үйлестіру. Жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның салдарын азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметінің келісімділігіне келеңсіз әсер ететін себептер мен салдарларды анықтау және жою. Терроризмнің алдын алу саласында кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру шараларын әзірлеу және келісілген түрде іске асыруда ынтымақтастықты жүзеге асыру. Террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау. Батыс Қазақстан облысы бойынша терроризмге қарсы комиссия жанындағы жұмыс тобының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын талдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 26.05.2023
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
Телефон 8-711-2-24-10-95