Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары
Ауыл шаруашылығы басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Агроинженерия
- Ветеринария (білім беру саласы)
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
Қосымша талаптар
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды жүзеге асыру; жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алу, күту және өз төлi есебінен кең ауқымда өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру; ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру; агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту; бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау; тоған, тауарлы көл, балық өсiретiн су шаруашылықтарын және балықты қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту; мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу; бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасау;
агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасау; агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру; асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығару; республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөлу; бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу; асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру; облыстың агроөнеркәсіп кешенінің даму болжамдары мен бағдарламаларының жобасын дайындауды ұйымдастыру; облыстың агроөнеркәсіп кешенінің нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерінің орындалуына мониторинг жүргізіп, талдау жасау; облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағдарламаларының орындалуы мен жүзеге асырылуы, облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары мен жағдайы бойынша тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептерді дайындауды ұйымдастыру; жоспарланған кезеңге облыстық бюджет жобаларының даму және қалыптасу бағдарламаларын қаржыландыру жөнінде ұсынымдарды дайындау; облыс әкімдігінің отырысына, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және ауыл шаруашылғы басқармасының алқасына облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің жағдайы және одан әрі дамыту мәселелері жөнінде басқарманың өзге де бөлімдерімен бірлесе отырып материалдар дайындау; ауыл шаруашылығы өндірісіне инновациялық жобаларды енгізу және тарату бойынша бюджеттік бағдарламаның жүзеге асырылуын ұйымдастыру және бақылау; облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің стратегиялық жоспарын әзірлеу және оның орындалуы мен жүзеге асырылуы, облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары мен жағдайы бойынша тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептерді дайындауды ұйымдастыру; жоспарланған кезеңге облыстық бюджет жобаларының даму және қалыптасу бағдарламаларын қаржыландыру жөнінде ұсынымдарды дайындау; облыстың агроөнеркәсіп кешенінің даму болжамдары мен бағдарламаларының жобасын дайындауды ұйымдастыру; «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны ҚР өңірлері арасында бөлу бойынша жұмыстарды жүргізу; «БҚО 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жұмыс орындарын құру туралы» жобасы аясында құрылатын жұмыс орындары туралы ақпарат жинақтау; басқармада мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының есебін жүзеге асырады; басқарманың ақпараттық қауіпсіздігін қадағалайды; Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; ағымдағы және стратегиялық қаржылық бағдарламаларды, ауыл шаруашылығын экономикалық дамыту бағдарламаларын дайындауға қатынасады, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық қызметіне экономикалық талдау жасау жөнінде ұсыныстар енгізеді; агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады; «Агроөнеркәсіптік кешендегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізуді жүзеге асырады; басқармадағы ішкі тәртіп, еңбек және өрт қауіпсіздігі, штаттан тыс қызметкерлердің жұмысына бақылау мәселелеріне басшылық жасайды; басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жыл сайынғы бағалауды ұйымдастырады; ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерін мемлекеттік және басқа да наградалармен марапаттау шараларын ұйымдастырады; агроөнеркәсіп кешені салаларына мамандар қажеттілігін анықтау, ақпараттар жинақтау және мамандармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады; басқарманың мұрағат жұмысының тиісті деңгейде жүргізілуін ұйымдастырады; басқарманың ішкі талдау қызметі жұмысын ұйымдастырады; атқарушылық тәртіптің сақталуына жауапты; басқарма сайтының қалыпты жұмысын ұйымдастырады; ашық Үкімет порталындағы: Ашық НҚА, Ашық бюджет компоненттерін уақытылы толықтыру; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 12.05.2023
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-10-50