Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының есеп беру және бюджеттік бағдарламаларды орындау бөлімінің бас маманы, индексі №01-03-1-2 (негізгі қызметкердің 2023 жылғы 4 шілдеге дейін жүктілікке және босануға арналған демалысына шығуына байланысты)
Батыс Қазақстан облысының Құрылыс басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті қолданыстағы заңнама талаптарына сай жүзеге асыру; қаржылық мәселелерге қатысты толық әрі нақты ақпаратты уақытылы ұсыну; мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүргізу Ережелеріне сәйкес бухгалтерлік есептерде күнделікті операцияларды жүргізу; қаржылық операциялар орын алған құжаттарды сәйкесінше толық толықтыру; 1С Бухгалтерия бағдарламасында жұмыс жасау; басқарма аппаратын ұстау бойынша бюджеттік өтінім жасау; еңбек пен салықтар бойынша статистикалық есептерді құру, басқарма қызметкерлерінің карточкаларын жүргізу, зейнетақылық және әлеуметтік аударымдарды, бюджетке салықтар бойынша төлемдерді аудару, бухгалтерлік ақпараттардың қорын құру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындау, аппарат бойынша қаржыландыру жоспарларын орындау бойынша операцияларды есепке алу және есеп беру; аппарат бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған өтінімдерді құру және түзету; келіп түсетін барлық тауарлық-материалдық құндылықтарды және негізгі құралдарды есепке алу; басқарма аппараты бойынша бюджеттік бағдарламалар бойынша апта сайын оперативті ақпарат ұсыну; басқарма қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету; тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі қаражаттарға түгендеу өткізу; мемлекеттік статистикалық есептемелерді уақтылы және дұрыс ұсыну.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 28.03.2023
- г.Уральск, проспект Нурсултан Назарбаева 179.
-
8-711-2-24-12-10