Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Ветеринария (білім беру саласы)
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
Қосымша талаптар
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Осы лауазымдағы құзыреті шегінде облыс әкіміне өңірде мемлекеттік саясатты жүргізуге, облысты экономикалық дамытуға, атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің келісімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Облыс әкімін өңірде мемлекеттік саясатты, мемлекеттік органдар, ұйымдар, азаматтармен қарым-қатынаста өңірдің мүдделерін іске асырумен қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, соның ішінде облыс әкімінің блогына келіп түскен өтініштерді қарау. Өңірдегі проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізу. Осы лауазымдағы құзыреті шегінде ҚР Үкіметі отырыстарына, есептік кездесулерге, орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өтетін іс-шараларға, делегациялардың іссапарларына дайындық барысында атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру. Атқарушы органдардың өңірдің экономикалық дамуын жақсарту жөніндегі ұсыныстарын қарауға қатысу, өз құзыреті шегінде дайындалған құжаттарды орталық мемлекеттік органдарда келісу. Аудан әкімдіктерінің құзырына жататын проблемалық мәселелерді зерделеу. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша ұсыныстарды, ақпараттық-талдау материалдарын, анықтамалар, жазбаларды дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 15.03.2023
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-06-30