Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Батыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Жануарлар дүниесін, аңшылық ресурстарын қорғау, сақтау, өсімін молайту және пайдалану жұмыстарын қадағалау. Заңсыз ағаш кесу және басқалай табиғат қорғау заң бұзушылық пен күресу шараларының жүзеге асырылуын қадағалауды қамтамасыз етеді, есеп жұмыстарын жүргізеді. Машиналар мен техникалардың жағдайын және дұрыс қолданылуын қадағалау, радио байланыс құжаттамаларын жүргізу. Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекiтiп беру бойынша конкурстар құжаттамаларын жинақтайды. Мемлекеттік мекемелерде еңбекті қорғау құқықтары мен нормаларын, техникалық қауіпсіздікті, заңдардың қолданысының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Барлық механизация бойынша статистикалық есептердің нысаны мен құжаттарын жүргізеді. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру үшін құжаттарды дайындайды. Орманды пайдаланудың барлық түрін ұйымдастыру. Кеспе ағаш қорын кесуге әзірлеуін жоспарлайды және ұйымдастырады, орман шикізат базасының қажетті материалдарын дайындайды, орман ресурстарын тиімді пайдалану және ағаш кесу ережелерінің орындалуын қадағалайды. Мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау,өсiмiн молайту жұмыс істеу салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны (өсіп тұрған сүрек үшін ставкаларды қоспағанда) және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының жобаларын әзірлеу үшін құжаттарды дайындайды. Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлерді дамыту, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзеді. Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастырады және оларға мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi. Жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердiң жобасын дайындайды. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтуге материалдар дайындайды. Өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша жоспарларын бекітуге әзiрлейдi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады. Уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және паспорттарды уәкiлеттi органға тiркеуге (қайта тіркеуге) бередi. Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар бекiтiп беру мен аңшылық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер жобасын дайындайды. Жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар және (немесе)учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді. Аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 24.03.2023
- Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-12-10