Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Ақжайық ауданының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Ветеринария (білім беру саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Кадастр
  • Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Қосымша талаптар

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Аграрлық  саясат, агроөнеркәсіптік  кешенді  реформалау  және  дамыту; ауданда шағын және орта бизнесті дамыту; баға саясатын жүзеге асыру; экология және табиғат ресурстарын пайдалану, жануарлар дүниесін және өсімдіктер әлемін, тұқым шаруашылығы, мал  шаруашылығы саласында асылдандыру; аудандағы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары бөлімдерінің қызметтеріне жалпы басшылық жасау және жетекшілік ету; аудандық статистика басқармасымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету (саласы бойынша); ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық аумақтық инспециясының, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аудандық аумақтық инспекциясының, балық қорғау инспекциясының, су, орман шаруашылығы, метеорология мекемелерінің, «Фитосанитариялық диагностика және болжау орталығы» РМК аудандық филиалының қызметтерін үйлестіру; ауданда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың аумақтық бағдарламасының іске асырылуына жалпы басшылық жасау; Мемлекет басшысының, Президент әкімшілігінің, Үкіметтің, облыс, аудан әкімдері тапсырмаларының орындалуын, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, облыс, аудан аумақтарын дамыту бағдарламаларының іске асырылуын, аудан рейтингісі мен ауылдық округ әкімдерінің рейтингісі көрсеткіштерін бақылауды жүзеге асыру; жетекшілік ететін салаларда цифрлық технологияларды қолдану және енгізу; өз өкілеттігі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарау; жергілікті атқарушы органның өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті мекемелер және ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде Ақжайық ауданы әкімі мен әкімдігі атынан олардың мүддесін соттарда және/немесе басқа да құқықтық органдарда қорғау, өкіл ретінде қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.02.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.02.2023 – 17.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

23.02.2023

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-06-30