Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Өнер
- Құқық
- Ветеринария
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
Қосымша талаптар
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Аудандар мен Орал қаласында облыс әкімдігі басшылығының қатысуымен өтетін мәжілістер мен кеңестер, кездесулер және басқа да шараларды әзірлеу және өткізу кезінде хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі кураторларының жедел тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын бақылау. Облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға, сондай-ақ облыстың және облыстық басқармалардың бірінші басшыларының болу орны бойынша күн сайынғы мониторинг жүргізу. Облыс әкімінің жұмыс кестесін жинақтау. Ресми қажеттілікке сәйкес ақпарат жинау және жинақтау. Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен жазбаша және ауызша өтініштерді белгіленген тәртіппен қарау. Облыс әкімінің төрағалығымен өтетін аппараттық кеңесті апта сайын ұйымдастыру. Халық санағына материалдарды жинақтау, өңдеу және дайындау және ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысының статистика департаментімен өзара іс-қимыл.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 20.02.2023
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
Телефон 8-711-2-24-10-95