Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты құрылыс және инфрақұрылымдық даму бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Кескіндеме
  • Графика
  • Мүсін
  • Дизайн
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Логистика (сала бойынша)
  • Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)

Қосымша талаптар

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Облыс әкімі аппаратының облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларымен, көліктік бақылау инспекциясымен, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ-мен, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-мен, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-мен және жетекшілік ететін сала бойынша басқа да мемлекеттік мекемелер мен ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Облыстық басқармалардың жетекшілік ететін мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және жетекшілік ету: құрылыс басқармасы; жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, Үкімет қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесінің, орталық мемлекеттік органдар тапсырмаларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелері бойынша хаттамаларының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Үкімет, облыс әкімдігі отырыстарына кеңестерге және жетекшілік ететін мәселелер бойынша жұмыс топтарының отырыстарына анықтамалық-талдамалық материалдар дайындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстың жағдайы мен дамуын мониторингілеу және талдау. Мемлекеттік органның негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.01.2023 – 02.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

08.02.2023

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 8-711-2-24-10-95