Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің (бірыңғай) бас маманы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Заңдылықты, азаматтардың бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің жай-күйіне талдау жасауға қатысу. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, өкімдерінің, Үкіметі қаулыларының, басқа да республикалық нормативтік актілердің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау және тексеруді қамтамасыз ету. Аппарат қызметінде заңнаманы жүзеге асыру, заңдылықты сақтау және норма шығармашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу. Жер қатынастарының, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы құқықтық мәселелер бойынша жетекшілік ету және қызметтік үйлестіру. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша бақылау-қадағалау сипатындағы ұсынулар мен ұйғарымдарды, сондай-ақ соттың жеке ұйғарымдарын қарау. Жетекшілік ететін басқармалар әзірлейтін құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысу. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда жетекшілік ететін басқармалардың құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсiндірмелер дайындау. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында жетекшілік ететін ұйымның қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдау және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін басқармалардың бақылау міндеттеріне қатысты құжаттарды дайындауға қатысу, оның бақылау міндеттерін атқару барысында іс жүргізу әрекеттерін және заңдылықты сақтауын құқықтық бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 26.01.2023
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-06-30