Дипломмен - ауылға!
«Дипломмен - ауылға!» жобасы.
2026 жылы республикалық бюджеттен 236 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру үшін 2324,0 млн.теңге көзделген. Қаржыландыру жоспары бойынша несиелеу шілде айынан бастап қарастырылған. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерге келген 735 маманға 690,7 млн. теңге сомасына әлеуметтік қолдау көрсетуге қаражат, оның ішінде 318,4 млн. теңге көтерме жәрдемақы қарастырылған. 1 шілдеде 417 маман көтерме жәрдемақы алды.
Жалпы, 2009 жылдан 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін ауылға 11382 маман тартылды, оның ішінде 7584 мұғалім, 2095 денсаулық сақтау маманы, 175 әлеуметтік қамсыздандыру маманы, 712 мәдениет маманы, 320 спорт, агроөнеркәсіп кешені - 385 және мемқызмет – 111. Әлеуметтік қолдау шараларына 5171,6 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді.
Әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің 5544 маманы 21977,2 млн.теңге бюджеттік несие алды.