Балалық шақтың мүддесі үшін
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы К.Е. Меңдіғалиевтің тапсырмасын орындау мақсатында өңірде комиссия мүшелерінің аудандарға жұмыс сапарлары өткізілуде.
Жұмыс сапарлары барысында, соның ішінде, жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың тәжірибесі мен өзекті мәселелері талқылануда.
Осы мақсатта Ақжайық ауданында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия мүшелерімен кездесу өткізілді. Сонымен қатар, балалардың ұйымдастырылған демалыс орындары араланып, су айдындарына, оның ішінде Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылындағы су арналарына аралау жүргізілді.