ЖАҢАҚАЛА ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Жаңақала жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында Жас сайлаушылар клубы және аудан жастары Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов және комиссия мүшелері Асыланбек Ғұбашев, Райымбек Нұрекешовтармен кездесу өткізді. Кездесу барысында клубтың алдағы жоспарлары мен негізгі бағыттары талқыланып, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Сонымен қатар, жастардың сайлау мәдениетін арттыру, азаматтық белсенділікті дамыту және алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері кеңінен сөз болды. Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуде жастар өз ұсыныстарын білдіріп, маңызды сұрақтарына жауап алды.Кездесу барысында клуб қызметінің негізгі бағыттары, іске асырылған жобалар мен болашақ жоспарлар талқыланып, жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуының маңыздылығы ерекше атап өтілді.