ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
БҚО аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылы ауылдық округ әкімдері сайлауларын өткізген учаскелік сайлау комиссиялары және аумақтық сайлау комиссияларының облыстық байқауының қорытындысын шығарып, үздіктерді атады. Байқау институционалдық мәдениетті нығайту мен сайлауға сенімді арттыру құралының бірі. Сондықтан комиссия бағалау талаптарына сүйене отырып, түскен байқау материалдардың осы қағидатқа сәйкестігін қарады. Талқылау барысында комиссиялардың кәсіби біліктілігі, сайлау үрдістерін ұйымдастырудағы оң тәжірибелері, сайлауға қатысушы тараптармен құқықтық қарым – қатынастары қатаң ескерілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік учаскелік сайлау комиссиясы» номинациясын Теректі ауданының №377 учаскелік сайлау комиссиясы жеңіп алды. БҚО АСК төрағасы Әділ Жоламановтың қолынан арнайы аталымды алған учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Илан Тналиева «Бұл марапат - сайлауда белсенділік танытқан ауылдық округ сайлаушыларының және учаскелік комиссиядағы барлық әріптестерімнің ортақ марапаты. Жалпы электоралдық кезеңде ғана емес күнделікті өмірде белсенді жерлестер мен кандидаттар арасында көпір іспеттес қызмет атқардық. Жұмысымызды бағалаған комиссия мүшелеріне алғымызды білдіреміз» деді.
Ал, «Үздік аумақтық сайлау комиссиясы» марапатына Сырым аудандық АСК құрамы лайық деп танылды. Мейірбек Хасанов төраға болып табылатын аудандық комиссия жыл ішінде бірқатар жетістіктерімен дараланды. Байқау ҚР Орталық сайлау комиссиясының «Саналы түрде таңдаңыз » байқауының талаптарына бейімделіп, биыл жаңа форматта жалғасады.
Жыл қорытындысы бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясының «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен БҚО АСК хатшысы Жасұлан Нұрғожин, Орал қалалық АСК хатшысы Әсия Жумина болса ҚР Орталық сайлау комиссиясының Алғыс хатымен марапатталды. Еңбегі жанған әріптестерімізді осы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
#бқосайлау #зковыборы #сайлау2025 #bkoelection #БҚОАСК #үздікУСКбайқауы #ТИКЗКО
