Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы орынбасарының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары (4-5.09.2025 ж.)

Жарияланған күні: 05 қыркүйек 2025

 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы А.Г.Балаеваның 2025 жылғы 20 маусымда өткен Ұлттық комиссия отырысында берілген – жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, халық денсаулығының сапасын арттыру, отбасыларды қолдау және өзге де өмірлік маңызды мәселелер жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында өңірлерде Отбасын қолдау орталықтары мен Жастар денсаулық орталықтарының (ЖДО) қызметі зерттеліп жатыр. Арнайы ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды.
Батыс Қазақстан облысында аталған топты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Е.И.Тарасенко басқарып отыр. Топ құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің БҚО бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің өкілдері, өңірлік ЖДО штаттан тыс үйлестірушісі және басқа да мамандар кірді.
Топ жұмысының бастауына Е.И.Тарасенконың Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевпен кездесуі себеп болды. Кездесу барысында Ұлттық комиссия белгілеген тақырыптар аясындағы өңірдің даму векторлары, сондай-ақ бірқатар өзекті мәселелер мен болашақтағы жоспарлар талқыланды.
Жалпы, топтың БҚО-дағы жұмысы бірнеше күнге жоспарланған. Зерттеу жұмыстары облыс орталығында ғана емес, аудандық деңгейде де жүргізілмек. Себебі өңірде қазіргі таңда: облыс орталығында орналасқан төрт Жастар денсаулық орталығы, сондай-ақ облыстың барлық аудандарында және Орал қаласында жергілікті бюджет есебінен ашылған он үш Отбасын қолдау орталығы жұмыс істеп тұр. 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін аталған орталықтарға 1 262 тұрғын әртүрлі мәселелер бойынша жүгінген. Оларға 2 000-нан астам қызмет көрсетілді (соның ішінде: 500 адамға – психолог көмегі, 888 адамға – әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес, 184-іне – заңгерлік кеңес, 293-іне – қайырымдылық көмегі, 44-іне – медиатор көмегі, 302 адамға – түрлі анықтамалар мен ЭЦҚ алу және т.б.).
Сапардың алғашқы күнінде облыс орталығындағы №5 және №6 емханалар жанынан ашылған «Болашақ», «Қамқор» Жастар денсаулық орталықтарының жұмысы таныстырылды. Бұл орталықтар медициналық, психологиялық, ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсетеді. Сондай-ақ, Жастар денсаулық орталықтарымен өзара байланыста жұмыс істейтін ерте араласу және отбасын жоспарлау орталықтары да араланып, халықпен кездесулер, қызметкерлермен әңгімелесулер өтті. Құжаттар зерделенді. Жұмыс барысында жоғары деңгейде талқылауды қажет ететін бірқатар ұсыныстар енгізілді – біртұтас жастар орталығын құру, негізгі штат жасақтау, онлайн-жазылу мен консультацияларды мессенджерлер немесе арнайы платформалар арқылы құпиялылықты сақтай отырып ұйымдастыру, волонтерлермен, ҮЕҰ-мен жұмыс жүргізудің бірыңғай алгоритмін әзірлеу және т.б.
Содан кейін Е.И.Тарасенко және өзге де қатысушылар Орал қаласындағы Отбасын қолдау орталығына барды. Орталық қызметкерлерімен, әлеуметтік сала өкілдерімен, құқық қорғау органдары, прокуратура, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Орталықтың жұмысын зерделеу барысында ерте профилактиканы күшейту, сондай-ақ халық арасында әлеуметтік желілер арқылы орталықтың міндеті туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру ұсынылды.
Жұмыс сапарының алғашқы күні «Ақжайық» облыстық оңалту орталығының қызметімен танысумен аяқталды. Бұл орталық өңірдегі Отбасын қолдау орталықтарымен ведомствоаралық байланыста жұмыс істейді.


 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенконың Батыс Қазақстан облысына

 ЖҰМЫС САПАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

4 қыркүйек 2025 жыл

(бейсенбі)

10:00-10:30

1.

Батыс Қазақстан облсының әкімі Н.Т.Төреғалиевпен кездесу.

11.00-13.00

2.

Жастар денсаулық орталықтарын аралау:

 

 

1)«№5 қалалық емхана жанындағы «Болашақ» ЖДО  (Жаңа Орда шағын ауданы, 19Б),

 

 

2)№6 қалалық емхана жанындағы «Қамқор» ЖДО (Мөңкеұлы көшесі, 116).

13:00-15:00

3.

Еркін уақыт.

15:00-17.00

4.

Әлеуметтік нысандарды аралау:

 

 

1)Отбасын қолдау орталығы (Пугачев көшесі, 15),

 

 

2)Батыс Қазақстан облысының оңалту орталығы (Зашаған кенті, Ақжайық шағын ауданы, 21).  

 

5 қыркүйек  2025 жыл

(жұма)

08:30

1.

Шыңғырлау ауданына шығу (240 км.).

11.00-13.00

2.

Шыңғырлау ауданы әкімдігі басшылығымен кездесу  (Шыңғырлау ауылы, Клышев көшесі, 95).

 

3.

Отбасын қолдау орталығына бару (Достық көшесі, 16).

 

4.

Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия мүшелерімен, қоғам белсенділерімен кездесу (Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы, Клышев көшесі, 112Е).

13:00-14.00

5.

Еркін уақыт.

14:00

6.

Бөрлі ауданына шығу (100 км.).

15.00-17.40

7.

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралау:

 

 

1)Отбасын қолдау орталығы (Әль-Фараби көшесі, 85/1),

 

 

2)Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы (11 шағын ауданы, 8),

 

 

3)Бөрлі аудандық емхана жанындағы «Балаларды ерте дамыту және араласу орталығы» (Вахталық қалашық, 1).

18.00

8.

Орал қаласына шығу (140 км.).