«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!»

Жарияланған күні: 03 мамыр 2025

 

20 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен еліміздің ішкі істер Министрлігі ұйымдастырған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!» акциясы басталды.

Акцияның бастапқы шаралары Батыс Қазақстан облысында да өтуде. Мақсаты - тұрғындарға акцияның өткізілуі мен мақсаттары туралы ақпаратты жеткізу, сонымен бірге қоғамның назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларының өзектілігіне аудару, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту.

22 сәуірде облыс орталығы - Орал қаласында ірі нысандардың жанындағы қалалық алаңдарда көшпелі іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, комиссия отырысы, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кездесулер өтті. Бастапқы іс-шараларға облыстық полиция департаментінің өкілдері, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, еріктілер, қоғам қайраткерлері қатысты. Акцияға облыстың барлық аудандары қосылды.

8 мамырда өңір «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!» челлендж-флэшмобын қабылдайды. Іс-шара полиция қызметкерлерінің, мемлекеттік органдар, мәслихат, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, жастардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің, жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өтеді. Кейіннен эстафета Қостанай облысына беріледі.