Балалар қауіпсіздігінің өзекті мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы

Жарияланған күні: 20 қыркүйек 2024

19 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ. Е. Меңдіғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жұмыс барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарақат алу қаупі бар жағдайларды бұғаттау, қорқытудың және балалар тап болуы мүмкін басқа да қауіптердің алдын алу шаралары талқыланды. Сондай-ақ, «Қауіпсіз жаз» ведомствоаралық акциясының қорытындысы шығарылды.