ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ - МАҢЫЗДЫ

Жарияланған күні: 05 шілде 2024
ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ - МАҢЫЗДЫ

 

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов пен комиссия хатшысы Жасұлан Нұрғожин жұмыс сапарымен Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округіне қарасты Ақсуат, Магистрал, Пойма және Әйтиев ауылдарындағы сайлау учаскелерін аралады. Олар жергілікті жердегі комиссия мүшелерімен кездесіп, сайлаушылармен жұмыстары, ұйымдастыру шаралары туралы тыңдап, ауылдық округ әкімінің сайлауы  ашық және әділ өтуі қажеттігіне назар аударылды. Сонымен қатар, учаскелердің материалдық-техникалық жабдықталуы мен толыққанды жұмыс істеуі барысында нақты тапсырмалар берілді. Бұл округте ауыл әкімін сайлау 7 шілдеде өтеді.

   БҚО АСК өкілдерінің жұмыс кестесі аудандық маслихат депутатары, саяси партия, қоғамдық ұйымдар, ауыл ақсақалдары мен байқаушылар, жастар және БАҚ өкілдері, сонымен қатар аудандық сайлау комиссия мүшелерінің қатысуымен ұйымдастырылған  кездесумен жалғасты. Дөңгелек үстел барысында сайлау жүйесіндегі өзгерістер мен толықтырулар, сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу, байқаушы ретінде аккредиттелген ұйымдармен іскерлік қарым-қатынас, электоралды тәрбие мәселелері төңірегінде еркін пікір алмасу болды.

   Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиев ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Роллан Бектеміров, кеңес мүшесі Қайыржан Ахмадиев,  «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, байқаушы Надежда Уштаковалар саяси науқанға қатысты өз ұсыныстарын ортаға салып, еліміздің сайлау жүйесіндегі жаңашылдық пен оң өзгерістерді қолдайтындарын айтты. Жергілікті қоғамның көшбасшылары ауыл әкімдерінің сайлауы мемлекеттік басқаруды жетілдірудің басты бөлігі екендігін терең түсінеді. Жиынды қорытындылаған Әділ Тауфикұлы елдегі саяси реформалардың басты қағидаты – халықтың үніне құлақ асу болғандықтан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы осындай кездесулерді жиі өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.