Әрбіреуі үшін жауапты!
Ағымдағы жылдың 19 маусымында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Мейірім» облыстық мамандандырылған балалар үйіне» барып, балалар үйінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында балалармен, материалдық-техникалық базамен танысты. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ғана емес, сонымен қатар күндізгі болу тобындағы балаларға да көңіл бөлді. Мұндай топтар өмірде қиын жағдайларға тап болған ата-аналар үшін қажетті. Е.И.Тарасенко Балалар үйі персоналының халықпен, соның ішінде кәмелетке толмағандармен және жастармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүйесін зерделеді.