ЭЛЕКТОРАЛДЫ ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ
Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жаңадан сайланған УСК мүшелеріне арналған электоралды оқыту семинарларын өткізуді бастады.
Биыл сайлау комиссияларының құрамы сайлаушылардың санына және шалғай жатқан шаруашылық орындарының болуына байланысты заңға сәйкес қайта жасақталған болатын. Соған сәйкес комиссиялардың құрамының саны 130 адамнан 144 адамға дейін өсті. Комиссиялар құрамына 106 адамның (73,6%) жаңадан сайланғанын ескерсек электоралды оқытудың өзектілігі заңды. Сондықтан да аудандық аумақтық комиссия бұл жұмыс бағытына ерекше мән беріп отыр.
Бүгінгі оқыту барысында комиссия мүшелеріне жүктелетін міндеттер мен өкілеттіліктер түсіндіріліп, мәртебелері хақында нақты ақпарат берілді. Аудан бойынша сайлау процесін ұйымдастыру, байқаушылар, сенім білдірген адамдар және БАҚ өкілдерімен жұмыс, сайлау өткізу кезіндегі дауыс беру орындарында мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау, сайлау өткізу кезеңінде құжаттама мен мәліметтерді рәсімдеу, хаттамаларды толтыру, сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жан жақты айтылды. Оқытуға №121 Жаңақазан, №122 Жуалыой, №132 Мәстексай, №133 Мұқыр сайлау учаскелерінің комиссия мүшелері қатысты. Сонымен бірге комиссия мүшелері тестілеуден өтті. Алдағы уақытта оқыту жұмыстары өзге УСК-да жалғасады.
