САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Дата публикации: 22 мая 2024
САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

 

Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қошанкөл ауылдық округі бойынша өтетін әкім сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы оқыту семинары өткізілді. Округ орталығы - Қошанкөл ауылындағы орта мектеп ғимаратында ұйымдастырылған шараға осы аумақтағы N231, N232 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Оқу барысында сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін заң талаптарына сәйкес жасақтау, сайлау процесі, дауыс беруді ұйымдастыру туралы кең түсінік беріліп, семинарға қатысушылар өзара пікір алмасты. Семинарға қатысушылардың көкейінде жүрген сауалдарына ұйымдастырушылар тарапынан тұщымды жауаптары беріліп, топпен жұмыс жасау бағытында кейс түріндегі оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқыту семинары барысында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлау заңнамаларын білуі бойынша тестілеу өткізілді. Тестілеу бағдарламасы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен, сайлау жүйесінде жиырма жылдан астам еңбек өтілі бар N232 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Гүлмира Мүбәракова семинардың өте пайдалы болғанын айтады. Ол семинар әріптестерінің сайлау күнін барлық заң талаптарына сәйкес өткізуіне негіз болады деп санайды есептейді.