ӘКІМ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Жарияланған күні: 16 мамыр 2024
ӘКІМ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Деркөл кенті әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жұмысын жалғастыруда. Деркөл кентінің УСК мүшелері үшін рөлдік ойын арқылы оқыту семинары өткізілсе, бүгін, 16 мамырда № 48, 49, 12 ЖОББМ базасында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері «ҚР сайлау туралы» заңды білуге тестілеуден өтті. Комиссиялардың 57 адамнан тұратын барлық мүшелері тест сауалнамасына жауап берді. УСК мүшелері сайлау заңнамасын жақсы білетіндіктерін және жалпы сайлауды өткізуге дайын екендіктерін танытты. Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тестіде 27,8-30 орташа балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті.

Дауыс беру күні қарсаңында біліктіліктерін бекіту, дауыс беру және дауыстарды санау барысында қателіктер жібермеу мақсатында учаскелік комиссия мүшелеріне тағы бір практикалық семинар өткізу жоспарланған. Семинар «Дауыс беру күні» рөлдік ойын түрінде өтетін болады.