КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ
Бүгін БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов бір мандатты облыстық округтік сайлау комиссияларының төрағаларымен кездесті. Кездесу барысында тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылау, учаскелік сайлау комиссияларымен өзара іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру және комиссиялар құрамының біліктілігін арттыру мәселелері сөз болды. БҚО АСК мүшесі Мағрипа Нигишева Қазақстанның саяси трансформациясының жаңа кезеңіндегі сайлау жүйесіндегі заңнамалық өзгерістерге кеңінен тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап берді.