Шыңғырлаудағы семинар

Жарияланған күні: 27 ақпан 2024
Шыңғырлаудағы семинар

 

Шыңғырлау ауданында Шыңғырлау және Ардақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауына дайындық жұмыстары учаскелік комиссия мүшелерін оқыту семинарымен жалғасты. БҚО аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Арман Жиенғалиев, комиссия хатшысы Жасұлан Нұрғожин, комиссия мүшесі, ауданның кураторы Мағрипа Нигишеваның қатысуымен аудан орталығындағы №422 сайлау учаскесінде оқу семинар ұйымдастырылды. Оның барысында заң талаптарын түсіндіру мен жұмыс дағдыларын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінді. Семинардан соң учаскелік сайлау комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасындағы «Сайлау туралы» заңы бойынша тестілеуден өтті. Бұл науқанда 9 учаскелік сайлау комиссиясы қызмет атқаратын болады.