СЕМИНАР КЕҢЕС НӘТИЖЕЛІ ӨТТІ
2024 жылы 3 наурызға тағайындалған Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауына санаулы күндер қалды. Округ аумағындағы учаскелік сайлау комиссия мүшелері сайлаушыларға 400-ден астам шақыру билеттері үлестіріп үлгірді. Сонымен қатар, сайлау учаскелерінде кестеге сәйкес кезекшілік ұйымдастырылып, тұрғындарға қажетті ақпарат берілуде.
Комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыру және дайындау мақсатында оқу семинарлар жүйелі түрде қолға алынды. Бүгінгі семинар кеңеске БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов және төрағаның орынбасары Арман Жиенғалиев арнайы қатысты. Семинар барысында № 327, 328 учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің сайлау күні атқаратын жұмыстарының алгоритмі практикалық кейстер негізінде толық қаралды.
Облыстық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері сұрақтарға жауап беріп, сайлау барысында кездесетін сауалдарға талдау жасады.
Семинардан кейін сайлау заңнамасы бойынша тестілеу өткізілді.
Семинар соңында Әділ Жоламанов комиссиялардың жұмысына сәттілік тілеп, алдағы саяси науқанды заң талаптарына сәйкес жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.
