БҚО-да Дүниежүзілік сайлау күніне орай сынып сағаттары өтті
Орал қаласы мен аудандарындағы барлық жалпы орта беретін мектептері мен спорт ұйымдарында Дүниежүзілік сайлау күніне орай жас ұрпаққа сайлаудың мән-мағанасын терең түсіндіріп, оның ел үшін маңыздылығын ұғындыруға бағытталған сынып сағаттары өтті.
Әсіресе күні ертең мектеп бітіріп, үлкен өмірге қанат қаққалы отырған 10-11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаттарында ел басқарудағы Президенттің, Үкімет пен Парламенттің, түрлі деңгейдегі мәслихаттардың рөлі туралы айтылып, азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету, оның процестерін жетілдіру, өтетін әр сайлаудың маңыздылығын туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Сонымен қатар жас буынға халықтың өз ойын еркін білдіруі, мемлекеттік басқаруға тікелей қатысуы, таңдау жасауы, көпшіліктің пікірін есепке ала отырып, билік органдарын құру, әр азаматтың мемлекеттік органдарға өз кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі жөнінде кең көлемде мағұлматтар айтылды.
Өткізілген сынып сағатында түрлі бейнебаяндар көрсетіліп, сайлау туралы түсініктер талқыланып, қатысушылар өзара сұрақ-жауаптармен алмасып, өз ойларын ортаға салып, тұшымды пікірлерімен бөлісті.
