МІНСІЗ ҚЫЗМЕТ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ
Бүгін БҚО аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері жұмыс сапарымен Ақжайық ауданынында болды. Сапар барысында БҚО АСК төрағасы Әділ Жоламанов және облыстық АСК мүшелері Райымбек Нұрекешев (ауданның кураторы), Фархад Хайретдинов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратында болып, материалдық-техникалық базамен танысып, аумақтық сайлау комиссияларының құрамымен кеңес өткізді. Кеңеске аудан әкімі аппаратының басшысы Рауан Рахметуллин қатысты.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ербол Иманғалиұлы сайлау комиссиясының жаңа құрамымен және оларға жүктелген міндеттер мен алдағы өтетін сайлау науқанына қатысты ақпаратпен таныстырды. Аудандық комиссияның орналасқан ғимаратта көрнекі ақпараттық стендтер жақсы жабдықталған. Тұрғындардың өткен сайлаулар, комиссия құрамы мен байланыс толық ақпарат алуына оңтайлы.
Кеңес отырысында сайлау мәдениетін арттыру, еңбек тәртібі, сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ комиссиялардың барлық мүшелерін үздіксіз және сапалы оқытуға басты назар аударылды. Тиісті тренингтердің іс-жоспарын жасақтап, оқыту семинарларының мазмұнына мән беру тапсырылды.
Әділ Тауфиқұлы аудандағы сайлау процесінің барлық қатысушыларымен әріптестік қарым-қатынасты дамыту, заң талаптарына сәйкес ашық және әділ сайлау өткізу басты міндет екендігін атап өтті.
