САЛИҚАЛЫ БАСҚОСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланған күні: 26 қаңтар 2024
САЛИҚАЛЫ БАСҚОСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 

Бүгін Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында «Сайлау – демократияның негізгі принципі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Айта кетейік, сайлау күні Дүниежүзілік сайлау ұйымдарының конференциясының шешімімен ақпан айының алғашқы бейсенбісінде атап өтіледі.

       Дөңгелек үстелге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Рамазан Қыдырашев, Қаратөбе ауданы мүгедектері ерікті қоғамының төрағасы  Еркінбек Жәнібеков, «AMANAT» партиясының аудандық филиал төрағасы                  Абат Зейнуллин,  «Мұхит жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ақылбек Амантай, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин, жергілікті «Қаратөбе өңірі» газетінің редакторы Бекжан Қойшекенов, аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

         Жиында аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Бақытжан Қайырқұлұлы   Дүние жүзілік сайлау күнінің - азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге және сайлау процестерін жетілдіру проблемасына жұртшылық назарын аудару үшін арналғандығын,  сайлау туралы түсінікті кеңейтуге және сайлаушылардың дауыс беруге қызығушылығын арттыруға бағытталғандығын айтты. Төраға сайлау заңнамасының Конституциялық заңдары, халықаралық принциптер мен стандарттар, сайлау органдары, Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының жүйесі жөнінде кеңінен мағлұмат келтірді. Сонымен қатар аудандағы сайлау барысын байқауға аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер және комерциялық емес ұйымдар және саяси партия өкілдерін бұл бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды. 

        Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, аудандағы сайлау процесстерін ұйымдастыру, бірлесіп жұмыс атқару жолдарын жетілдіру жөнінде шараларды талқылап, пікір алмасты.