ЖАҢАҚАЛАДАҒЫ ЖАҚСЫ БАСТАМАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУЫ КЕРЕК
БҚО аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Әділ Жоламанов пен комиссия мүшелері Фархад Хайретдинов (ауданның кураторы), Райымбек Нұрекешовтердің Жаңақала ауданына инспекциялық сапарының қорытындысын осылай түйіндеуге болады. БҚО АСК өкілдері алдымен азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдірудегі бастамалармен танысты. Айталық, дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар тұрғындардың, әсіресе жастардың сайлауға қатысу белсенділігін арттыруды көздейді. Ауданда дауыстап оқу бұрышы арқылы сайлауға қатысты ақпарат халыққа тұрақты жеткізіліп тұрады. «Жас сайлаушылар» клубының жұмысы да жандана бастады.
Одан кейін аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамының және Жаңақала аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмардың қатысуымен өткен жиында бұл маңызды тақырып жалғасын тапты. Қоғамның азаматтық белсенділігі қанат жайып келеді. Сондықтан азаматтардың еркін білдіруін жүзеге асыруда ұсақ-түйек болмауы тиіс деді Әділ Жоламанов. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтыгереев комиссия мүшелеріне лауазымдық міндеттермен қатар учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына жетекшілік жасау тапсырылғанын айтты. Бұл комиссиялардың құрамы 73,6 пайызға жаңарды. Өз міндетін кәсіби негізде атқаратын сайлау комиссияларының мүшелерімен бірге УСК мүшелері де біліктілікті жетілдіру үрдісіне тегістей тартылуы тиіс.
Сайлау учаскелерінің паспорттары толықтай жасақталып базаға енгізілді және «Қолжетімді орта» интерактивті қолжетімділік картасы» порталына енгізілді. Биылға Мастексай, Қызылоба ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жоспарланып отыр. Сапардың сараланған қорытындысы бойынша БҚО АСК төрағасы аудандық әріптестерге жаңа міндеттер жүктеді.