БӨРЛІДЕГІ БАСҚОСУ

Дата публикации: 19 января 2024
БӨРЛІДЕГІ БАСҚОСУ

 

Бүгін Бөрлі ауданына жұмыс сапарымен БҚО аумақтық сайлау комиссияның төрағасы Әділ Жоламанов келіп, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қызметімен және материалдық-техникалық жағдайымен танысты.

Кейін аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен кеңес өткізіліп, оған аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, аудан әкімі аппаратының басшысы Ерік Төлепқалиев қатысты.

Кеңесте аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Қаржауов 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндап берді.

Кеңес барысында БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов аудандық сайлау комиссияларының алдына қойылған жаңа міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ сайлауды дайындау мен өткізу, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен жұмыс істеу мәселелері талқыланды. Комиссия мүшелерінің жұмысы ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес және атқарушы орган және сайлау үрдісіне қатысушы барлық тараптармен бірге жүруі тиіс екендігін атап өтілді.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, ауданның кураторы Мағрипа Нигишева сөз сөйлеп, сайлау комиссияларының қызметі, учаскелік комиссиялардың жаңадан сайланған мүшелерін оқытуды ұйымдастыру мәселелеріне қысқаша тоқталды. Кейін облыстық комиссиясының өкілдері жергілікті комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.