ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРУІ КЕРЕК

Дата публикации: 19 января 2024
ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРУІ КЕРЕК

 

Бүгін облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен келді. БҚО АСК төрағасы Әділ Жоламанов және облыстық АСК мүшесі, ауданның кураторы Мағрипа Нигишева Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жұмысымен танысты.

Жиында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Қалиев сөз алып, комиссиясының жаңа құрамымен таныстырды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссия құрамы ҚР ОСК қаулысымен бекітілген лауазымдық талаптарға сай жасақталды, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиясының құрамына 95 мүше сайланды.

Құзыреттілігі аяқталуына орай 2023 жылдың 27 желтоқсаны күні барлық учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары қайта сайланды. 2024 жылдың 3 қаңтары күні бірінші ұйымдастыру отырыстары өтіп, комиссия төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшылары сайланып, толыққанды өз қызметтеріне кірісті.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамы 3 адамға, ал УСК-лардың құрамы 57%-ға жаңартылды деді Нұрлыбек Қалиев.

БҚО АСК төрағасы Әділ Жоламанов жаңа сайланған мүшелеріне оқыту семинарларын өткізіп, учаскелердің техникалық жабдықталу және кабинетпен қамтылуын ұдайы назарда ұстауды тапсырды. Комиссияның аудандағы әр сайлаушының сайлау тізімінде болуын жіті қадағалап, сайлаушылар санының өзектілігіне ерекше көңіл бөлінуі міндеттелді.