Барлық істің басшысы – білім мен білік

Дата публикации: 19 января 2024
Барлық істің басшысы – білім мен білік

 

Бүгін Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  Амангелді ауылдық округіне қарасты № 327, 328 учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне оқыту семинарын өткізді.

Семинарда сөз алған Тасқала АСК төрағасы Д.Баишева 2023 жылғы 27 желтоқсанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10 бабының  3 тармағына сәйкес Тасқала аудандық мәслихатының № 16-4 шешімімен сайланған сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын таныстырды.

Аталған комиссия құрамдарына мүшелері «AQJOL», «Amanat», «Ауыл» «BAYTAQ», Жалпы Социал-Демократиялық партиясы, «Respublica» және Халық Демократиялық партияларынан ұсынылған.

Динара Құрманғалиқызы сайлау жүйесінің саяси маңыздылығына назар аударып, түскен сұрақтарға жауап берді.

Каскадтық әдіспен ұйымдастырылған семинар барысында дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау,  сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының  жұмыс алгоритмі және байқауды жүзеге асыратын өкілдер туралы сұрақтар қаралды.

Семинар соңында практикалық кейстер талқыланып, комиссия төрағалары Г.Абеноваға және А.Айтқалиеваға біліктілікті арттыру, тұрғындармен байланысты жетілдіру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Тасқала АСК оқу-семинарларын 2024 жылдың жұмыс–жоспарына сәйкес жалғастыратын болады.

 

.