МАҚСАТ АЙҚЫН

Дата публикации: 16 января 2024
МАҚСАТ АЙҚЫН

 

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов 10 - 11 қаңтарда Қаратөбе, Сырым, Тасқала  аудандарында болып, сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру және олардың материалдық -техникалық қамтылу жағдайымен танысты. Осындай инспекциялық сапар Бәйтерек ауданында жалғасты. Бәйтерек - өңірдің іргелі аудандарының бірі. Аумақ ауқымды, мұнда 54 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Учаскелік сайлау комиссиялары құрамының үштен бірі жаңарды. Айталық, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жеті мүшесінің үшеуі жаңадан сайланды.  Аудандық комиссия төрағасы Радик Ихласов «жетіліктің» арасындағы лауазымдық міндеттердің бөлінісін, соның негізіндегі іс-жоспарды баяндап берді. Жиында ауданда былтыр өткен ауылдық округ әкімдері сайлауының қорытындылары сараланды. Әділ Жоламанов өз сөзінде төте сайлау арқылы билік пен қоғам арасында қарым-қатынас моделінің берік қалыптасқанын айтып өтті. Ендігі міндет - азаматтардың ерік - жігерін білдіруіне барлық жағдай жасаумен бірге сайлау мәдениетін қалыптастыруды жүйелі жүргізу. Бұл мақсатта сайлау процесіне қатысатын тараптардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлу керек. Сондай-ақ, комиссия мүшелеріне күнделікті қызметте   ҚР Орталық Сайлау Комиссиясының құндылықтары мен қағидаттарын берік ұстану тапсырылды. Жиынға комиссия төрағасының орынбасары Арман Жиенғалиев, комиссия мүшесі, ауданның кураторы Асыланбек Ғұбашев қатысты.