ЕЛ СЕНІМІ - ЕҢ БИІК МӘРТЕБЕ

Дата публикации: 11 января 2024
ЕЛ СЕНІМІ - ЕҢ БИІК МӘРТЕБЕ

 

Бүгін БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов аудандық және қалалық сайлау комиссияларының тұрақты және кәсіби негізде жұмыс істейтін мүшелерімен бейнебайланыс режимінде кеңес өткізді. Тиісті мәслихаттар қалыптастырған комиссиялардың жаңа құрамдары жыл басынан қызметіне кіріскені мәлім. Алда тұрған міндет - ауқымды, мақсат -айқын. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы 35,6 пайызға, облыстық, аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының құрамы 42,8 пайызға жаңарды.  Сондықтан олардың біліктілігін, кәсіби дағдыларын жетілдіру биылғы басты міндеті деді Әділ Жоламанов өз сөзінде. Ағымдағы әрбір шара жоспарлы және жүйелі атқарылуы керек. Қазіргі таңда Орталық Сайлау Комиссиясының күнтізбелік шараларына сәйкес сайлаушылардың толық өзекті тізімдерін қалыптастыру қолға алынды. Жаңа электоралдық кезеңді сапалы өткеру үшін сайлау үрдісіне қатысатын барлық тараптармен тұрақты да шынайы қарым-қатынас орнауы қажет. Азаматтар конституциялық құқықтарын жүзеге асыру арқылы өз аумағындағы мәселелердің оң шешілуіне ықпал етеді. Демек,  сайлау үрдісіне тиісті ықыласты күшейтіп, саяси мәдениетті арттыру мәселесі қалтарыста қалмағаны жөн. Жиын барысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері өздеріне бекітілген жұмыс бағыттары бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Бейнеселектор режиміндегі мұндай кеңес тұрақты өтіп тұратын болады.