ОРАЛДА БАДМИНТОННАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Оралда бадминтоннан 2009 жылы туған спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады Olympic.kz. Аталған ел біріншілігі 23-28 наурыз күндері өтеді деп жоспарланған. Байрақты бәсекеге Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан 70-тен астам спортшы қатысады. Чемпионат санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ескере отырып және жанкүйерлерсіз өтеді.
Оқиға күні
19 наурыз 2021
Оқиға түрі
Басқа