САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
27 қыркүйек күні аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуовтың төрағалығымен Қазақстан республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөнінде жиын өтті. Жиында учаскелік сайлау комиссияларына, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, аудандық полиция бөліміне, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және басқа да тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді. Атап айтсақ, тиісті сайлау учаскечіндегі сайлаушылар тізімін анықтау, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құжаттарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау және жалпы дайындық жұмысына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеліп, бақылау белгіленді. Жиын соңында сайлау комиссиясының мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерді лайықты атқарып шығу үшін тыңғылықты дайындалатындарын жеткізді.