2022 жылдың 09 казанына Батыс Қазақстан облысы Байтерек ауданы Атамекен, Махамбет, Көшім, Щапов ауылдық округтері, Бөрли ауданы Достық ауылдық округі әкімдерінің өкілеттігі аяқталуына байланысты және Бөрли ауданы Ақбұлақ ауылдық округі мен Шынғырлау ауданы Ақтау ауылдық округі әкімдерінің өклеттігін мерзімінен бұрын аяқтауына байланысты сайлаулары тағайындалды.
Барлығы 27 кандидат ұсынылды, оның ішінде - 2 кандидат «Аманат» партиясынан ұсынылған, 25 –өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек жағдайы бойынша 27 кандидаттың құжаттары қаралып – 21 кандидаттың құжаттары заң талаптарына сәйкестігі анықталды.
27 кандидаттың 22- мемлекеттік қызметшілер, 5 жұмыссыз.
Кандидаттардың орта жасы 45 жас, ең жас кандидат 30 жаста, жасы үлкені – 60 жаста.
5 (18,5%) кандидат ауылдық округтің тұрғыны, 18 (66,7%) ауданда тұрады,4 (14,8%) басқа ауданда тұрады..
28 қыркүйек жағдайы бойынша 21 кандидат тіркелді.
3 кандидатты мемлекеттік қызмет біліктілік талаптарына сәйкес келмеуне байланысты тіркеуден бас тартылды.
3 кандидат өз кандидатураларын алып тастады.
Ұсынылған 27 кандидаттын - 21 тіркелді.
ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ. 26.09.2022 ж.
БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ 29.09.2022