Облыс әкімдігінде жергілікті атқарушы органдармен сот органдарының жұмысында өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, жер қатынастар саласы бойынша қордаланған мәселелерді шешу бойынша жауапты сала мамандарының қатысуымен кеңес өтті.
ҚР Президенті өз Жолдауында да осы мәселеге баса назар аударған болатын.
Жиын барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиев, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Тахир Нурахметов, аудан әкімі аппараттарының заңгерлері, өзге де жауапты сала мамандары жер қатынастары, құрылыс және сәулет саласындағы мәселелер талқыланды.
Отырыс соңында орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау, алдын алу бағытында бірқатар ұсыныстар енгізілді.