2022 жылдың 02 қазанына Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы бойынша Ақсуат және Құрайлысай ауылдық округтері әкімдернің өкілеттігі аяқталуына байланысты сайлауы тағайындалды.
Барлығы 6 кандидат ұсынылды , оның ішінде - 2 кандидат «Аманат» партиясынан ұсынылған ,4 –өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек жағдайы бойынша 6 кандидаттың құжаттары қаралып – 6 кандидаттың құжаттары заң талаптарына сәйкестігі анықталды.
6 кандидаттың – 4 мемлекеттік қызметшілер,1 бюджеттік сала қызметкері,1 кәсіпкерлік сала қызметкері.
Кандидаттардың орта жасы 45 жас, ең жас кандидат 33 жаста, жасы үлкені – 57жаста.
5 (83,3%) кандидат ауылдық округтің тұрғыны, 1 (16,7%) ауданда тұрады.
21 қыркүйек жағдайы бойынша Ақжайық ауданының Ақсуат ауылдық округі -3 кандидат тіркелді,Құрайлысай ауылдық округі -3 кандидат тіркелді.
Ұсынылған 6 кандидаттын - 6 тіркелді.