Меню

Страницы

Статья

«Жасұлан» балалар лагері туралы

 

Облыс тұрғындарының назарына Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Сары-Өмір ауылында «Жасұлан» балалар сауықтыру лагері жаз мезгілінде тұрақты түрде жұмыс істейтінің хабарлаймыз. Лагері Шалқар көлінің жағасындағы экологиялық таза аумақта орналасқан.

Лагерде жыл сайын 6 жазғы ауысым жұмыс істейді. Мәселен, 2022 жылы мұнда обылыс аудандарынан мен Орал қаласынан 600-ден астам бала демалды. Демалушылардың қатарында облыстық  Отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан тәрбиеленушілері де болды.

Балалардың демалысы әлеуметтік жағынан осал отбасы балалары мен мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балалар үшін тегін және ақылы негізде ұйымдастырылады (5 күндік жолдама құны 20 000 мың теңге).

Барлық лагерь ауысымдары тақырыптық, соның ішінде: өлкетану, экологиялық, спорттық, патриоттық және т.б. Сіздің балаңыз жақсы демалып қана қоймай, сонымен қатар шахмат ойнауды, жүзуді үйренеді және өзіне сенімділік танып креативтік болады.

Лагерде күніне 5 мезгіл тамақ береді. Медициналық кабинеті бар.

Құрметті облыс тұрғындары, балаларыңыздың демалысын алдын ала жоспарлаңыз. Барлық сұрақтар бойынша 87752191235 телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

 

 

 

Дата публикации
06 сентября 2022
Дата обновления
06 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы