Меню

Страницы

Статья

Тілдерді дамыту

Тілдерді дамыту. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы №914 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру нәтижесінде қазақ тілінің ұлттық, мемлекеттік және этносаралық коммуникация тілі ретінде толыққанды қолданылуын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі жүзеге асырылып келеді. 

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында облыс тұрғындарына мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді.

2026 жылы мемлекеттік тілді оқыту курсына 575 тыңдаушы қамтылуда.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тілдік ахуалды анықтау  мақсатында 2025 жылдың мамыр-қараша айлары аралығында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша 2025 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 86,5 құрады.

2026 жылдың мамыр айында «Казтест» сынағынан 500 мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлер және ұлттық компаниялар қызметкерлері тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижесінде мемлекеттік тілді ортадан жоғары деңгейде меңгерген мемлекеттік қызметшілер – 86%, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлер – 83%, ал ұлттық компаниялар қызметкерлері – 65%  құрап отыр.

        Өзге этнос өкілдері болып табылатын мемлекеттік тілді жетік меңгерген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауы ұйымдастырылды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мамандарды анықтау,  тіл мәдениетін көтеру, ынталандыру мақсатында «Тіл шебері-2026» өткізілді.

Жас ұрпақтың туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін оятып, оның тарихы мен мәдениетін терең тануға баулу, студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттырып, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында «Туған өлке – тұнған тарих» облыстық ғылыми-зерттеу жобасы байқауы өткізілді.

2026 жылы іс жүргізушілердің біліктілігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – ресми іс жүргізудің негізі» атты 4 күндік шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатқа білім және спорт басқармасына бағынысты мекемелерінің  іс жүргізушілері, кадр қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамыту және қазақ тіліндегі цифрлық контенттің үлесін арттыру мақсатында «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқу семинары өткізілді.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге және интернет кеңістігінде сапалы қазақтілді мазмұн қалыптастыруға бағытталды.

2026 жылдың 28 мамырында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект арқылы мемлекеттік тілді дамытудың жаңа жолдарын талқылау, озық тәжірибені тарату және тілдерді оқыту орталықтары мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Қазақ тілі цифрлық дәуірде: жасанды интеллект және тіл саясатының жаңа мүмкіндіктері» республикалық семинар ұйымдастырды.

Семинарға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту саласының мамандары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, ғалымдар, IT-сарапшылар, оқытушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік тілді үйрету мен оқытудың, қазақ тілін білу деңгейін анықтау мен бағалаудың тиімді әдістемесін қалыптастыру мен  қолдану барысындағы іс-тәжірибе алмасу, озық әдістемені насихаттау, қазақ тілі мамандары мен оқытушыларға өздерінің күнделікті жұмыстарына қажетті ақпарат  пен практикалық көмек беру, мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге баулу мақсатында «Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже» кешенді семинарлар топтамасы ұйыдастырылуда.

Облыстық «Орал өңірі» газетінің «Тіл тұғыр» айдарында лингвист мамандарының, филолог ғалымдардың және тіл туралы өзекті мәселелері жұртшылық назарына ұсынылуда.

«Aqjaiyq» телеарнасының «Тіл – ұлт руханиятының өзегі», «Мәртебелі тіл», «Язык – душа народа» айдарлары арқылы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында  ақпараттық-танымдық бағдарламалар жарық көруде.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында медиа кеңістігінде «Qazaq Tili Media» жобасын жүзеге асырылуда. Жоба аясында тұрғындар арасында орысша/ағылшынша сөздердің қазақша баламалары бойынша сауалнама,  қазақ тіліндегі мақал мәтелдерді «Мақалды аяқта» атты акциясы, қазақ тілінің грамматикасын жеңіл форматта түсіндіру бойынша бейнероликтер, өзге этнос өкілдерімен қазақ тілінде подкасттар дайындалып әлеуметтік желіде жариялануда.

Сауда және қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілдің көрнекі ақпарат пен коммуникация тілі ретіндегі қолданысын арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен қызметкерлерге әдістемелік қолдау көрсету арқылы тұрақты тілдік ортаны қалыптастырумақсатында облыста «Мемлекеттік тіл – бизнесте» қоғамдық тіл инспекциясы жобасы жұмыс жасауда.

Жоба аясында «Қазақ тілін үйренуге және дамытуға арналған цифрлық ресурстар», «Кәсіпкерлер назарына!» атты жаднамалар, «Тілашар», «Банк, медицина, сауда саласында және қоғамдық орындарда тілдесуге арналған қалта сөздіктері», барлығы бір мыңға жуық әдістемелік материалдар таратылды, «Тауар атауларын мемлекеттік тілде атап, сыйлық ал!» атты акциясы, «Тілге құрмет көрсету – сапалы сервистің белгісі!» атты әдістемелік сабақтар өткізілуде. Акцияның шарты бойынша 1 минут ішінде 10 тауар атауын мемлекеттік

Жыл басынан бері 1000-нан астам жуық мекемеге әдістемелік көмек көрсетілді, жасалған ескертулерден кейін деректемелер мен көрнекі ақпараттарда жіберілген кемшіліктер жойылып, заң талаптарына сәйкес түзетілді.

Тіл саясатының, тіл саласының маңызды бағыттарының бірі – ұлттық ономастика. Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы облысымыздың ономастикалық ахуалын біріздендіру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Өңір тарихында, мәдениетінде, ғылымы мен қоғамдық өмірінде ерекше із қалдырған тарихи тұлғалар өмірі мен қызметін көпшілікке, әсіресе жас буынға заманауи форматта таныту, олардың мұрасын насихаттау және тарихи сана қалыптастыру мақсатында «Атамекен» инста сериал топтамасы жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Ономастикалық бірліктерді автоматтандыру 3D картасы «TORUS MAPS» порталының жұмысы жүзеге асырылуда.

Облыс аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктер (елді мекендер) және олардың құрамдас бөліктерінің (көшелер) атаулары туралы мәліметтер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген. Ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде өзгертілген елді мекен және көше атауларына қатысты деректер жаңартылып отырады.

 

Дата публикации
11 августа 2022
Дата обновления
09 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы