Әлеуметтік көмек:
Атаулы әлеуметтік көмек (ары қарай - АӘК) 1019 отбасына, оның ішінде 5280 адамға, 299,7 млн.теңгеге көрсетілді. АӘК алушылар қатарында 393 көпбалалы отбасы.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен аудандық/қалалық мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес:
Қайырымдылық көмек 2428 отбасына 39,4 млн.теңгеге көрсетілді.
Әлеуметтік қорғау:
Облыс бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны 26249 адам, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны 3638.
2026 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша 9098 мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен әлеуметтік қызметтер алушылардың 12561 қамтамасыз етілді, немесе 72,4% қамтамасыз етіліп отыр.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің inva.gov.kz мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы жаңартылған ақпараттық порталы енгізілді. Аталған порталға, барлық 1735 объект тіркелген, 1388 объект немесе 80,0% толық бейімделген.
2023 жылы «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы бірлескен іс-шаралар жоспарын 85 тармағы «Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту» бойынша 4 санатты мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді болуда стандарттарға сәйкестендіру жұмыстарын жүргізу тапсырылып отыр.
Осы ретте, 2023 жылдан бастап жаңадан 20%, 2024 жылы 40 %, осылай 2027 жылға дейін барлық объектілер 100 % болуы керек.
2026 жылы 209 әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілерді бейімдеу жоспарланып, 57 объекті бейімделді, немесе 27,3 %.
Облыс бойынша Инватакси қызметіне әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 582,7 млн.тенге қарастырылды. Қазіргі уақытта 1401 мүгедектігі бар адамдар, соның ішінде 621 балалар Инватакси қызметімен қамтамасыз етілді.