Облыс әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовтың тапсырмасына сәйкес «Тәлімгерлік» бағдарламасы аясында Бәйтерек ауданы Переметное ауылындағы Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған «Тәрбие жұмысы» орталығында «Достық» лагерінде бейіндік (спорттық) ауысым ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған демалыстың ерекшелігі, бүкіл ауысым балалармен бірге Ұлттық спорт балалар мен жасөспірімдер мектеп, №3, №4 БЖСМ, Қысқы спорт түрлерінен облыстық жасөспірімдер спорт мектеп,Жекпе-жек спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектеп, Облыстық мамандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектеп,«Орал спорт» клуб жаттықтырушылар мен спортшылар арасынан олардың тәлімгері болды.
27 бала спортта жаңа дағдыларды меңгеріп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар келген күні лагердегі балалар «Туризм және экология» , «Жануарлар әлемі» мұражайларын аралап, ауданның флорасы және фаунасымен танысты.
Жалпы демалыс бағдарламасы спорттық жарыстар , ойындар, сауықтыру шаралар, танымдық іс-шаралар, экскурсиялар, аниматорлармен мерекелік бағдарламалар, кинотеатрларға барумен қамтылды. Бұл балаларға әлдеқайда көп ұмытылмас әсер қалдырды.Барлық жерде олармен бірге болған үлкен жолдастары - бұл тәлімгерлер !