Меню

Страницы

Статья

Жасөспірімдер арасындағы ертежүктіліктің, зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың алдын-алу бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру ЖОБАСЫ

 

Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру үшін негіздеме: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның тапсырмасы.

Жоба әкімшісі: БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы.

Мақсаты мен міндеттері:

- балаларға жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдау,

- репродуктивті жасына жеткенге дейін жүктілік санын азайтуға ықпал ету,

- отбасы тәрбиесінің негіздері мен дәстүрлерін насихаттау,

- қиын жағдайларда көмекке жүгіну дағдыларын қалыптастыру,

- педагогтардың, учаскелік полиция инспекторларының, психологтардың және басқа да профилактика субъектілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Іске асыру кезеңі: жыл бойы.

Болжамды жұмыстардың тізбесі:

1.Ұлттық дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды, адамгершілік-рухани тәрбие негіздерін насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

2.Облыс мектептерінде Логотерапия және отбасылық тәрбие синтезін қолдана отырып дәрістер ұйымдастыру.

3.Репродуктивті денсаулықты қорғау контекстінде кешенді іс-шараларды іске асыру.

4.Зерттелетін мәселелер бойынша жасөспірімдер арасында салыстырмалы сауалнама жүргізу.

5.Қолайсыз өмірлік жағдайларға тап болған адамдарға психологиялық және құқықтық мәселелер бойынша жеке кеңес беру.

6.Жыныстық зорлық-зомбылықтың, отбасылық-тұрмыстық қатынастардың алдын алу, репродуктивті болу денсаулығын қорғау контексінде бейнероликтер, фильмдер және слайдтар көрсету.

7.Медицина қызметкерлерінің және басқа да жауапты тұлғалардың педагогтер, учаскелік инспекторлар үшін тақырыптық семинарлар, тренингтер өткізуі.

8.Интернет желісінде берілетін ақпараттық ағындарды дербес талдауға оқыту.

9.Көмекке мұқтаж оқушылармен құпия кездесулер өткізу.

10.Басқа да.

Жобаның географиясы: жобамен зерттелетін саладағы жағымсыз фактілердің тұрақты өсу динамикасы бар аудандар және Орал қаласы.

Жобаны қаржыландырудың қарастырылып отырған көлемі: 8 000 000 теңге.

Жобаны іске асыру мәселелері бойынша "БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы"ММ-не хабарласуға болады.

Мекен-жайы: Н.Назарбаев даңғылы 177, 4 қабат

Телефон, эл.пошта: 8 7112 30 18 28

Дата публикации
30 ноября 2021
Дата обновления
30 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы