Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен
«Өңір жастарының қоғамдағы құқықбұзушылыққа төзбеушілік және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Халық сақшысы» жобасын жүзеге асыру» жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба сомасы – 5 000 000 теңге
Жоба негізінде облысымызда 100 адамнан тұратын «Халық сақшысы» ерікті жасағын құру көзделген.
Олардың негізгі миссиясы – қоғамдық тәртіпті қорғау, төтенше жағдайлар кезінде тұрақтылықты қамтамасыз ету сонымен қатар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру.
Аталған жоба шеңберінде:
- Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған, құқыққорғау органдарының қызметкерлерімен рейдтік шаралар ұйымдастыру;
- «Халық сақшысы» құрамына кіретін жастармен мәдени, спорттық шаралар ұйымдастыру;
- Құқыққорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп «Абайлаңыз жүргінші!» акциясын ұйымдастыру және өткізу;- Түзету мекемелеріндегі жастар үшін кемінде мәдени-спорттық іс-шаралдар ұйымдастыру;- Орал қаласының оқу орындарында (кем дегенде 4 жоғары және 11 колледжде) сыбайлас жемқорлық көріністері және құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша анонимді сауалнаманы ұйымдастыру және өткізу (жоба бойы);- Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған қиын жасөспірімдермен және тұрмысы нашар отбасы балаларымен кездесулер өткізу және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беру;
- Қиын жасөспірімдермен және қолайсыз жағдайдағы отбасылардан шыққан балалармен тренингтер ұйымдастыру жоспарланған.