Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың 29 маусым күні салалық және аумақтық кәсіподақ ұйымының өкілдері Батыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлымен кездесті.

 Жиынға әлеуметтік әріптестер БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А. Есалиев, еңбекпен қамту инспекциясы басқармасының бөлім басшысы А.Батыров, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысының орынбасары Е.Галиев қатысты.
Шараны ашқан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы А.Есекенова ҚР Кәсіподақтар Федерациясы ұсынған әлеуметтік жобалармен қысқаша таныстырып, жылдан-жылға өңірде кәсіподақтар қозғалысының өсіп келе жатқанын, салалық және өңірлік кәсіподақтардың сол жолда көп үлес қосқандығын, Әлеуметтік әріптестер арасында 2021-2023 жылға өңірлік келісімге қол қойылғандығын атап өтті. Кәсіподақтар қозғалысының жаңа жобаларынан, жаңалықтардан хабардар болу үшін Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының «You Tube» видеохостесіндегі каналына тіркеліп бағдарламаларды қарауға шақырды.
Жиын барысында салалық және өңірлік кәсіподақтар төрағалары өз саласында кездесетін қиындықтар мен түйткілдер жөнінде хабардар етті.
«Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының» БҚО филиалы заңгері Г.Құрманғазиева БҚО Бәйтерек ауданы ұстаздарының тегін медициналық тексеруден өту мүмкіндігі жоқтығын, коммуналдық шығындарын өтейтін қаражаттың бөлінбейтіндігін атап өтті.
«SENIM Денсаулық сақтау жүйесінің салалық кәсіптік одағының» БҚО филиалы төрағасы М.Құсайынов мамандардың жетіспеуіне байланысты медицина саласына бөлінетін білім гранттарын көбейту, медицина қызметкерлеріне Орал қаласынан жалға берілетін пәтерлер санын арттыру мәселелерін қозғады.
Сонымен қатар, ЖШС «Батыс су арнасы» мекемесі қызметкерлері мен кәсіптік одағының проблемалық мәселелері көтерілді.
Кездесуді қорытындылай келе Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары жиынға қатысушылардың қойған сұрақтары мен көтерген мәлелеріне жауап беріп, БҚО ішкі саясат басқармасымен бірлесіп жұмыс беруші мен кәсіподақ қызметкерлерін оқытуға бағытталған семинар-тренингтер өткізу туралы ұсыныс білдірді.
Кездесу барысында көп жылдық елеулі еңбегі үшін БҚО Ақжайық ауданының құрметті ардагер-ұстазы Жиенбаева Шамшия Имаққызы «Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының» төсбелгісімен марапатталды.

Дата публикации
04 июля 2022
Дата обновления
04 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы