2022 жылдың 22 мамырына Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі, Жәнібек ауданы Борсы және Жақсыбай ауылдық округтері әкімінің өкілеттілігі аяқталуына, Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі, Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округі, Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округі және Шыңғырлау ауданы Ашысай ауылдық округі әкімінің өкілеттілігі кезектен тыс аяқталуына байланысты сайлаулары тағайындалды.
Барлығы 25 кандидат ұсынылды, оның ішінде 18 –өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылдың 11 мамыр жағдайы бойынша 25 кандидаттың құжаттары қаралып – 21кандидаттың құжаттары заң талаптарына сәйкестігі анықталды.
Оның ішінде 16 кандидат - мемлекеттік қызметшілер, 7 - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1 кандидат –уақытша жұмыссыз, 1 кандидат коммерциялық саласынан.
Кандидаттардың орта жасы 43,5 жас, ең жас кандидат 26 жаста, жасы үлкені – 61 жаста.
12 (48%) кандидат ауылдық округтің тұрғыны, 13 (52%) ауданда тұрады.
11 мамыр жағдайы бойынша Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі бойынша 3 кандидат, Жамбыл ауылдық округі бойынша 3 кандидат, Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округі бойынша 3 кандидат, Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округі бойынша 3 кандидат және Жақсыбай ауылдық округі бойынша 2 кандидат, Тасқала Қосшы ауылдық округі бойынша 3 кандидат және Шынғырлау ауданы Ашысай ауылдық округі бойынша 4 кандидат тіркелді.
4 кандидатты тіркеуден бас тартылды, оның ішінде 1 кандидат– сайлау жарнасының еңгізілмеуне байланысты, 1 кандидат барлық қажетті құжаттарды тапсырмауына байланысты, 2 кандидат мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты.
Ұсынылған 25 кандидаттын - 21 тіркелді.
Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округі әкіміне кандидаттардың тіркеуден өткені туралы хабарламасы
Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округтері әкіміне кандидаттардың тіркеуден өткені туралы хабарламасы
Шыңғырлау ауданы Ашысай ауылдық округі әкіміне кандидаттардың тіркеуден өткені туралы хабарламасы