Облыс әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Б.Х.Нарымбетованың тапсырмасы бойынша "Медициналық-әлеуметтік есеп: тәжірибе – проблемалар - шешу жолдары " тақырыбында семинар өткізілді. Оған аудан әкімдерінің орынбасарлары мен аудандық полиция бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Бұған дейін Бақытжан Нарымбетов атап өткендей, мұндай бірлескен іс-қимылдардың өзектілігі айқын. Өйткені, медициналық-әлеуметтік есеп - жасөспірімдерге медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету, бейімдеу және оңалту, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған тәуекел тобындағы отбасыларға практикалық көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылатын жеке профилактика болып табылады.
– Яғни, бұл есеп – балалардың өмір сүру сапасын арттырудың бір құралы. Атап айтқанда, 2022 жылды балалар жылы деп жариялаған Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және құқық қорғау құрылымдары саласындағы билік органдары тарапынан нақты шаралар қабылдау арқылы өскелең ұрпақтың өмір сүру сапасының деңгейін арттыруды көрсетеді, – деді Бақытжан Хаберұлы.
Семинарды қала әкімдігінің комиссиясы ұйымдастырды және бірінші кезекте тәжірибе алмасуға бағытталды. Семинар модераторы, қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қатысушылардың назарын жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмыстарын дұрыс құрудың маңыздылығына көңіл аударды.
– Іс – шаралардың уақтылығы мен тиімділігіне, немқұрайлылыққа, кейде баланың тағдыры байланысты, – деп атап өтті Мирболат Сағынғалиұлы.
БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының орынбасары Ернар Сұлтанғазиев медициналық-әлеуметтік есеп жүргізуді міндеттеуге бағытталған заңнамалық базаны нақты белгіледі.
-Бүгінгі күні біздің облыста девиантты мінез-құлықты 143 кәмелетке толмаған және «тәуекел тобындағы»126 отбасы есепте тұрғанын атап өтті.
Біз осы бағытта жұмыс істеп қана қоймай, балалардың қауіпсіздігі, әрбір нақты жағдайда жеке көзқарас қағидаттарын басшылыққа алуға міндеттіміз. Көп нәрсе, оның ішінде баланың денсаулығы, оның қоғамдағы әлеуметтенуінің сәттілігі, жасөспірімдердің де, олардың заңды өкілдерінің де әрекеттерінің заңдылығы біздің бірлескен іс – қимылдарымыздың үйлесімділігіне байланысты, - деп атап өтті полиция қызметкері.
Семинар барысында "Орал қаласының полиция басқармасы" ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Мадина Құспанова, "БҚО білім басқармасының қалалық білім беру бөлімінің» басшысы Ақжарқын Темірханова, қалалық "Мәдени-ағарту бірлестігінің" директоры Серік Тоқмамбетов, Орал қаласының "Жасөспірімдерді әлеуметтік дамыту орталығының" меңгерушісі Ерген Нұрлан өз тәжірибелерімен бөлісті.
– Бүгін біз облыс орталығында медициналық-әлеуметтік есеп жүргізу тәжірибесін талқыладық. Осы бағытта одан әрі жұмыс істеу бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Аудандар мен қала арасындағы осындай байланысты жалғастыру маңызды. Мұндай диалог, туындайтын мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп іздеу, бірінші кезекте, біздің балаларымыздың өмірін жақсартуға, оларды қорғауға және оларды тәрбиелеуге бағытталған, – деп атап өтті Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев.
Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.
Иван КОРНИЛОВ (Пульс газеті),
фото автордікі