2022 жылдың 03-07 ақпан күндері Орал қаласында орналасқан «Жастар» стадионында допты хоккейден 2007 ж.т. және кіші жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа
Алматы қаласынан, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облысынан және Батыс Қазақстан облысынан барлығы 90-ға жуық спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының командасы бірінші орынға ие болды.