Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссияларының 2021 жылы атқарылған жұмысына қорытынды жасалды.
2022 жылдың 16 ақпанда Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы жұмыс қорытындылары және биылғы жылға арналған іс-шаралар белгілеу бойынша отырысы өтті .
Іс-шараға қатысушылар, 12 аудандық және Орал қаласы аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары қызмет бағыттары бойынша жан-жақты баяндамалар жасады.Есепті жылдың басында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы және жылдың екінші жартыжылдығында өткен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауы туралы қорытындылары қаралды,.
Сонымен қатар , сайлау процесіне қатысушыларды кәсіптік жүйелі оқыту , сайлау учаскелерін аттестациялау, жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігі мәселелері қозғалды.
Отырысқа қатысушылар пікір алмасып, проблемалық мәселелер мен жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылап, жаңа 2022 жылға арналған негізгі бағыттар мен іс-шараларды белгіледі.